
Алматы облысы құс еті мен жұмыртқа өндіруде көшбасшылар қатарында. Құс етін экспорттау соңғы үш жылда 2 есе өскен. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өткен жылы іске қосылған Іле ауданындағы «НаурызАгро» жылына 32 млн. дана инкубациялық жұмыртқа шығарса, Ұйғыр ауданындағы «OTAN GreenFood» құс фабрикасы жылына 30 мың тонна құс етін өндіреді. Етті бағыттағы «Прима құс» ЖШС қуаты 37 мың тонна болатын құс фабрикасының құрылысын басталады.