Multinational companies implement projects for meat processing

Multinational companies implement projects for meat processing

Алматы облысында ет өңдеуге қатысты Трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын бірқатар жобалар бар. Мәселен, «Бауманн» неміс компаниясы «Жетісу қой» жобасын жүзеге асыра бастайды. Бұл жылына 30 мың тонна ұсақ мал етін терең өңдейтін жоба болмақ. Бұл жайында облыс әкімі Амандық Баталов өзінің онлайн форматта өткізген тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс басшысының айтьуынша, америкалық «Тайсон Фудс» компаниясы ірі қара етін өңдейтін, қуаты жылына 500 мың бас мал етін өңдеуге қауқарлы ет өңдеу зауытын салады. Ол үшін Қапшағай қаласының маңынан жер учаскесі бөлінді.

- Біз бұл нысандарды тезірек салып бітіруі үшін инвесторларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек, - деді А. Баталов.   

Өңірде барлығы 1,3 млн. бас ірі қара, 4 млн-дай қой мен ешкі бар. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.