The level of soybean processing will reach 25%

The level of soybean processing will reach 25%

Республикадағы өсірілетін соя көлемінің 95% Алматы облысының үлесінде, соған сәйкес соя өңдеу жақсы жолға қойылып келеді. Мәселен, өткен жылы үш нысан іске қосылған. Атап айтқанда «Талдықорған» индустриалды аймағында орналасқан «Жетісу Мажико» және май зауыты, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Жетісу Соя» зауыты. Биылғы жылы Іле ауданында қуаты 6 мың тонналық «Агритеч» зауыты іске қосылғанда, соя өңдеу деңгейі 25% жетеді. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сол сияқты, облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы қант қызылшасының егіс алқабы 16,3 мың гектарға, қант өндіру 55 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Көксу қант зауытында қуаты 12 мың тонналық қамыс қантын өндіру желісі дайын, алғашқы кезеңге 7,5 мың тонна шикізат жеткізілді. Сонымен қатар қызылша жомын өңдеу мен түйіршіктелген жем шығару зауытының құрылысы жоспарланған.

- Қызылағаш су қоймасындағы плотинаның құрылысы аяқталды, енді содан тарайтын суармалы жүйелерді қайта жаңғырту қажет, бұл өз кезегінде суармалы жерлерді 7 мың гектарға ұлғайтып, Ақсу қант зауытын шикізатпен қамтуға мүмкіндік береді. Құны 8,9 млрд. теңгелік бұл жоба Үкіметте қолдау тапты, оны іске асыру 2-3 жыл көлемінде жүргізілетін болады, - деді А. Баталов.

Жалпы биылғы жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бір трлн. теңгеге, бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2,8 млн. теңгеге жетеді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.