Жаңа үмітті үкілеп, жаңа арманға жол ашады

Жаңа үмітті үкілеп, жаңа арманға жол ашады

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

 

Сіздерді 2018 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

 

Жаңа жыл – жүріп өткен жолды, атқарылған істерді, жеткен жетістіктерді қорытындылап, жоспар құратын және сол тілек-армандардың орындалатынына сенетін таңғажайып мереке.

 

Алға қойған мақсаттарымыздың жүзеге асуына мүмкіндік берген 2017 жылды біз ризашылықпен шығарып салғалы отырмыз. Облыстың дамуы қоғамның барлық салаларында толайым табыстармен айшықталды, мемлекет қолдауының арқасында тұрақты өсімге қол жеткізілді. Заман талабына сай балабақшалар мен мектептер салынып, жаңа өнеркәсіп орындары ашылды, тұрақты жұмыс орындары құрылды, инфрақұрылым жақсартылды, қызықты да маңызды жобалар іске асырылды.

 

Астана қаласында өткен «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиадаға белсене қатысып, бүгінгі күні Елордамыздың 20 жылдығына дайындық қызу жүруде.

 

Барлық қол жеткен жетістіктеріміздің негізінде облыстың әрбір тұрғынының жауапты да еселі еңбегі жатыр. Туған өлкеміздің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен көрсеткен қолдауларыңыз үшін осы мерекелі күнде баршаңызға ризашылығымды білдіремін.

 Құрметті жетісулықтар!

Облысымыз Жаңа жылдың табалдырығын ауқымды жоспарлармен, үлкен міндеттермен аттағалы отыр. Алдағы уақытта да еңбегіміз жемісті, жобаларымыз нәтижелі болатынына сенемін.

 

Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, береке-бірлік тілеймін!

Жаңа жыл әр шаңыраққа жақсылығын, үміті мен сенімін, қуаныш пен шаттығын ала келсін!

Жаңа жыл құтты болсын!