Болашаққа - нық қадаммен!

 Болашаққа - нық қадаммен!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

 

Баршаңызды еліміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

 

 

 

Тәуелсіздік алған алған алғашқы күннен-ақ Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қалыптасудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік-экономикалық дамуда зор нәтижелерге, әлемдік аренада биік беделге қол жеткізді. Бүгінде әрбір қазақстандық сапалы білімге, кәсіби өрлеуге, отбасының ырысын арттыруға қажетті барлық мүмкіндіктерге ие бола отырып, болашаққа нық сеніммен қарайды.

 

Республикамыздың қол жеткізген елеулі табыстары - мемлекеттік салиқалы саясаттың айқын көрінісі.

 

Қазіргі кезде ел Президенті біздің алдымызға азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және сананы жаңғырта отырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған үлкен міндеттер қойып отыр. Біздің еңбексүйгіштігіміз, бастамашылдық пен азаматтық ұстанымдарымыз арқылы жетістіктеріміздің ауқымы айқындалады, бұл - Алматы облысымен қатар күллі республикамыздың болашағына ықпал ететін үлкен жауапкершілік.

Құрметті жетісулықтар!

Бүгінгі күні Алматы облысының экономикалық дамуы Мемлекет басшысының тапсырмаларын кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Әлеуметтік нысандар, қолжетімді тұрғын үйлер, өндіріс ошақтары салынып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Бұдан әрі де әрқайсымыздың еңбегіміз еліміздің өркендеуіне елеуді үлес болып қосыла береді деп ойлаймын.

 

Осы мерекелі күнде сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, молшылық пен береке-бірлік тілеймін!  

 

Мереке құтты болсын, құрметті жерлестер!