
2021 жылғы 17 ақпанда сағат 10.00-де онлайн форматта Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
Есептік кездесудің тікелей көрсетілімі Алматы облысы әкімдігінің www.zhetysu.gov.kz ресми интернет-ресурсында, "Facebook" әлеуметтік желісіндегі Алматы облысы әкімдігінің парақшасында, Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің "You tube" арнасында қайталанады.
Алдағы болатын есеп бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды:
Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 38 мекенжайында орналасқан облыс әкімдігінің және Талдықорған қаласы, "Қаратал", 22 А мекенжайындағы "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының ғимараттарында азаматтардың ұсыныстары мен сұрақтарын жинауға арналған жәшіктер орнатылды.
Облыс әкімдігінің ғимаратында қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, телефоны 8 (7282) 24-71-40.