
Жуырда Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында ардагерлер арасында волейболдан «Жетісу Кубогы» халықаралық турнирінің финалдық кездесулері өтті.
Екі күнге созылған турнирдің қорытындысында үшінші орынға Тыва және Өзбекстан Республикалары таласты. Тартысты ойын нәтижесінде Тыва республикасы жеңіске жетті.
Турнир финалында Ресейдің ардагерлер командасы мен еліміздің «Жетісу» командасы кездесті. Ойын 1:3 есебімен аяқталып, РФ спортшылары 1-орынға ие болды.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық сертификаттары, арнайы кубоктар мен естелік сыйлықтар берілді.