
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Алматы облысы бойынша «Құрылыс жөніндегі дирекциясы» филиалы «Каздорпроект» ЖШС жобалау ұйымының өкілдерімен бірге қайта жаңғыртылатын республикалық маңызы бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автомобиль жолының 287-615 шақырым учаскесіндегі жол бойы телімінде мекендейтін тұрғындарға әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Қоғамдық тыңдаулар Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылдық округі Қызылағаш ауылында 01.12.2017 ж. сағат 10.00-де мәдениет үйінде;
Қарашілік ауылдық округі Сағабүйен ауылында сағат 12.00-де мәдениет үйінде;
Жансүгіров ауылдық округі Жансүгіров ауылында сағат 16.00-де әкімшіліктің үлкен залында өтеді.
Сарқан ауданы бойынша 29.11.2017 ж. сағат 10.00-де Қойлық ауылдық округі Қойлық ауылының мәдениет үйінде өтеді.
Алакөл ауданы бойынша 29.11.2017 ж. сағат 15.00-де Қызылащы ауылдық округі Ж.Балапанов ауылындағы мәдениет үйінде өтеді.
Қоғамдық ұйымдардың, мүдделі тұлғалар мен қызығушылық білдірген азаматтардың қатысуын сұраймыз.