КВИ-ға қатысты 8 ақпандағы мәліметтер

КВИ-ға қатысты 8 ақпандағы мәліметтер

08.02.21 ж. жағдай бойынша облыста КВИ-мен сырқаттанудың 9731 дерегі тіркелген. Ал соңғы тәулікте 46 жағдай расталып, тіркелді. Соның 16-сы - Талдықорғанда, 8-і - Талғар ауданында, 6-уы - Еңбекшіқазақ ауданында, Сарқан ауданында - 5, Іле ауданы - 4, Қарасай - 3, Ұйғыр - 2, Көксу ауданы мен Текелі қ. - 1-1ден. 

01.08.20 жылдан бері 1842 анықталмаған пневмония дерегі тіркелген. Соңғы тәулікте осындай 6 жағдай тіркелді: Қарасай ауданы мен Талдықорға қаласында - 3-тен. Қарым-қатынаста болған 6 адам анықталды. Барлығы медициналық бақылауда, үй карантинінде.

08.02.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен 413 417 адам лабораториялық тексеруден өтті. Соңғы 3 күнде 5172 адам тексерілді. 

Ауруханаларда 559 адам емделуде, оның 27-сінің жағдайы ауыр, 387 адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр. 

Вакцина егілген адамдардың жалпы саны - 513.