
Алматы қаласында Алматы облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңке өткізілді. Мегаполис тұрғындарына азық-түліктің сапалы, экологиялық таза 50-ге тарта түрі нарықтағыдан төмен бағада ұсынылды.
Жәрмеңкеде 30,6 тонна ет өнімдері, 13,2 сүт өнімдері, 4,4 тонна балық, 41,7 тонна көкөніс, 26,0 тонна жеміс-жидек, 33,4 тонна картоп және басқа да жалпы сомасы 109,7 млн. теңге болатын 212,5 тонна азық-түлік саудаланды.
Күзгі кеңейтілген жәрмеңкеге Қапшағай мен Текелі қалаларының, 9 ауданның азық-түлік өндірушілері және «Жетісу» ӘКК қатысты.