Облыс әкімі брифингісінің қорытындысы

Облыс әкімі брифингісінің қорытындысы

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен  Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті.

 

Өңір басшысы өз баяндамасында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қорытындысында қолға алынған жобалар туралы кеңінен әңгімеледі.

 

Брифинг барысында журналистер жалпы саны 20-ға жуық сауал қойды. Сұрақтар негізінен туризмді, оның ішінде Алакөл жағалауын дамыту, ет экспортын арттыру, қант пен көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары, газдандыру барысында әлеуметтік әлжуаз топтарға жеңілдіктер қарастыру,  балабақша құрылысы, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу және тағы басқа да мәселелер туралы болды. Сұрақтардың барлығына толыққанды жауап берілді.