Орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86 %-ке жетті

Орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86 %-ке жетті

Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86 %-ке жетті. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш (ҚР- бойынша – 55 %). Бұл мәліметтерді облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.  

 

Брифингіде белгілі болғанындай, биылғы жылы Алматы облысында жалпы құны 9,9 млрд. теңге болатын 107 жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 18 елді мекенге су құбыры жүргізіліп, 80-інде су сапасы жақсарады.