
03.02.21 ж. жағдай бойынша облыста КВИ-мен сырқаттанудың 9414 дерегі тіркелген. Ал соңғы аптада 53 жағдай расталып, тіркелді. Соның 25-і - Талдықорғанда, 4-4-тен - Іле, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында, 3-3-тен - Ескелді, Талғар аудандарында, 2-2-ден - Еңбекшіқазақ, Панфилов, Қарасай аудандарында, 1 жағдайдан Көксу, Жамбыл, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласында тіркелген.
Барлығы байланыста болған 77 адам анықталды, үйде - 49, жұмыста – 28, олардың барлығы үй карантинінде, медицина мамандарының бақылауында.
01.08.20 жылдан бері 1782 анықталмаған пневмония дерегі тіркелген. Соңғы тәулікте осындай 10 жағдай тіркелді: Қапшағай қаласында - 7, Еңбекшіқазақ ауданында – 2, Ақсу ауданында – 1. Қарым-қатынаста болған 8 адам анықталды. Барлығы медициналық бақылауда, үй карантинінде.
03.02.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен 404 133 адам лабораториялық тексеруден өтті. Соңғы 3 күнде 4365 адам тексерілді.
1 ақпаннан коронавирусқа қарсы өңір халқына жаппай өз еркімен вакцина салудың бірінші кезеңі басталды. Бүгінгі күні вакцияна жасалғандардың саны - 180 адам.