Жыл соңында балабақшамен қамту 95 %-ке жетпек

Жыл соңында балабақшамен қамту 95 %-ке жетпек

Облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін жандандыру нәтижесінде жыл соңына дейін балаларды балабақшамен қамту деңгейі 95 %-ке жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты.  

 

- Мәселен, 2013 жылы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту көрсеткішісі небары 60 % құраса, соңғы үш жыл көлемінде 279 балабақша ашылған. Оның 88 % - жекеменшік. Ал биылғы жылы тағы 98 балабақша ашылса, жыл соңына дейін қамту деңгейі 95 %-ке жететін болады, - деді А. Баталов.

 

Облыстың білім саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін қолданудағы тәжірибесі үлкен. «Енді біз мемлекет пен бизнес әріптестігінің басқа да формаларын қолдана бастадық. Біздегі 41 жобаның 8-і өткен жылы жүзеге асырылса, құны 9,6 млрд. теңгелік 9-ы биылғы жылдың соңына дейін межеленген», - деп атап өтті облыс әкімі.