
2 ақпандағы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық тексеруімен расталған 9361 жағдайы тіркелді.
Соңғы тәулікте КВИ-мен сырқаттанудың 75 дерегі анықталды. Соның ішінде Талдықорған қаласында – 23, Іле ауданында – 13, Жамбыл ауданында – 10, Ұйғыр ауданында – 7, Ескелді ауданында – 5, Текелі қаласында – 4, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында – 3-3-тен, Алакөл, Панфилов аудандарында – 2-2-ден, Қаратал, Көксу аудандары мен Қапшағай қаласында - 1-ден.
ауырғандармен байланыста болған барлығы 129 адам анықталды, олардың 72-сі үйде, 57-сі жұмыста қарым қатынаста болған, олардың бәрі үй карантинінде, медицина мамандарының бақылауында.
01.08.20 ж. анықталмаған пневмонияның 1772 жағдайы тіркелген, ал соңғы тәулікте - 11 жағдай. Оның ішінде Іле ауданында – 5, Қарасай ауданы мен Талдықорған қаласында - 2-2-ден, Ақсу, Еңбекшіқазақ аудандарында – 1-ден. 26 байланыста болған адам анықталды, олар медициналық бақылауға және үй карантиніне алынды.
02.02.21 ж. ПЦР тәсілімен 402 150 адам зертханалық тексеруден өтті. Соңғы 3 күнде 4415 адам тексерілді.
1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай ерікті түрде салудың бірінші кезеңі басталды.