Облыс ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша бірінші орында

 Облыс ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша бірінші орында

Алматы облысы республикада ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша бірінші орында. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдедіі.  

 

 Мәселен, облыста еліміздегі сояның 97%, жүгері мен қант қызылшасының  64%, жеміс-жидектің 37%, көкөністің 25% өсіріледі. Оған қоса аймақ еттің 20% , сүттің 13%, жұмыртқаның 23 процентін өндіріп отыр.

 

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы АӨК-ке 36 млрд. теңге инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда 31 %  артық.

 

- Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңын  948 мың гектарға жеткіздік. Мемлекет басшысының аграрлық салаға жаңа технологияларды енгізу туралы тапсырмаларын орындау бағытында   облыста жердің 17% озық технологияны қолдану негізінде өңделеді. Соның арқасында дақылдардың өнімділігі 34 % артты, - деді А. Баталов.