
2021 жылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша, облыста КВИ-дің зертханалық нақтыланған 9071 дерегі тіркелді.
100 мың халыққа шаққандағы КВИ ауруының көрсеткіші 424,4 құрап отыр. Текелі (1845,4), Талдықорған (1336,8), Қапшағай (447,0) қалалары, Көксу (902,6), Қаратал (868,9), Ескелді (674,4), Ақсу (546,0), Панфилов (444,8) аудандарында жағдай облыстық көрсеткіштен жоғары болып тұр.
Қазіргі кезде ауруханаларда 566 адам ем қабылдауда, оның 29-ы – ауыр халде, 396 адам амбулаториялық ем алуда.