About 71 cases of Covid-19 were registered over the past day

About 71 cases of Covid-19 were registered over the past day

28 қаңтардағы мәлімет бойынша, КВИ-дің зертханалық расталған 8996 жағдайы тіркелген, соның 3590-ы симптомды.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 71 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 30- ы - Талдықорған қаласында, 10-ы - Іле ауданында, 9-ы - Талғар ауданында, 7-еуі - Еңбекшіқазақ ауданында, 4-еуі - Қапшағай қаласында, әрқайсысында 3-тен - Қаратал, Ұйғыр аудандарында, ал Алакөл, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ аудандары мен Текелі қаласында 1 жағдайдан тіркелген. Ауру ошақтарында байланыста болған барлығы 85 адам анықталды, соның 79-ы - үйде, 6-уы - жұмыста байланыста болғандар. Олардың барлығы да үй карантинінде, дәрігерлердің бақылауында. 

28 қаңтардағы жағдай бойынша, ПЦР әдісімен 393 352 адам зертханалық тексеруден өтті. Соңғы үш күнде 5872 адам тексерілді. 

Өңірде 2020 жылдың 1 тамызынан бері айқындалмаған пневмонияның 1727 дерегі тіркелген. Соңғы тәулікте 14 жағдай, атап айтқанда Ақсу, Жамбыл, Қарасай аудандарында – 2-ден, Талдықорғанда – 3, Іле ауданында – 5 жағдай анықталды. Қарым-қатынаста болғандар саны - 37, олар медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде.