Кадрлық тағайындау жасалды

Кадрлық тағайындау жасалды

Жомарт Амангелдіұлы АМИРХАНОВ

1981 жылы туған. C.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жетекші маман болып бастаған.

 

Әр жылдарда ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы,  Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

 

2013 жылдың қазан айынан - Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

 

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қожабаев Асқар Рамазанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметінен босатылды.