
Бүгін облыс әкімінің өкімімен облыстық білім басқармасына басшы болып тағайындалған Дәурен Жүнісовті ұжымына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар таныстырды.
Ж. Омар облыс басшысының білім басқармасының алдына бірнеше маңызды міндеттер қойып отырғандығын айтты.
Өз кезегінде Д. Жүнісов артылған барлық жауапкершілікті абыроймен атқаратындығына сендірді.
ТАҒАЙЫНДАУ
Алматы облысы әкімінің өкімімен Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы Алматы облысының білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
ЖҮНІСОВ Дәурен Хабдолданұлы
1979 жылы туған. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша және 2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген, экономика және бизнес бакалавры.
Еңбек жолын Көксу ауданы Бесқайнар ауылының орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, кейіннен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Мұқаншы орта мектебінің директоры, Қазақ орта мектеп - гимназиясының директоры лауазымдарында болды.
Әр жылдарда облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық-жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Іле аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, «Жөндеу құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2015 жылдың сәуір айынан - Іле ауданы әкімінің орынбасары.
Хроника
Алматы облысы әкімінің өкімімен Базарқұлова Ләззат Тілеубайқызы өз еркімен Алматы облысының білім басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.