
Еңбекшіқазақ ауданында «Қазақстанда жүгері өсіру: бүгінгі мен болашағы» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинар жұмысы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Саймасай ауылында орналасқан тәжірибелік алқаптарында өтті.
Жиын барысында еліміздегі жүгерінің тұқымын өсіру, отандық тұқым қорын қалыптастыру мен дамыту, жүгері гибридтерін селекциялау, өнімділікті ұлғайту үшін инновациялық технологияларды қолдану және т.б. мәселелер талқыланды.