Президенттік тест тапсырды

Президенттік тест тапсырды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ескелді Жылкелдіұлының 325 жылдығына орай Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы «Жастар» стадионында президенттік тест тапсыру сынағы ұйымдастырылды. Оған 150 адам қатысты.

 

Президенттік тест тапсырумен қатар стадионда осы күні баскетболдан, арқан тартудан, ұзындыққа секіру мен күш гинастикасынан жарыстар өтті.