
Талдықорғанда Қала күні мерекесіне орай «Bambini» балабақшасы ашылды. Бұл жекеменшік балабақша 125 орынға лайықталған.
Осы қуанышпен ата-аналар мен балабақша ұжымын құттықтаған қала әкімі Бағдат Қарасаев облыс орталығында 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 92,5 % мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғанын атап өтті. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 94-95% жеткізу көзделген. Жалпы, Талдықорғанда 61 балабақша жұмыс істейді, оның 37-сі – жекеменшіктің иелегінде.