
8-12 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында «Ақбидай 2017» республикалық ауыл спорты ойындары бағдарламасында қазақ күресінен жарыс өтті. Аталған жарысқа республика бойынша 16 командадан 250-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары 2 алтын, 2 қола медальдарға ие болды. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрғали Жолтаев және 66 келі салмақ дәрежесінде Абылқайыр Мауленин алтын, 55 келіде Ербол Әділхан және 100 келі салмақ дәрежесінде Дурсын Хосеноглы қола медальға ие болды.