Конституция – бірлік пен келісімнің берік тірегі

Конституция – бірлік пен келісімнің берік тірегі

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

 

 

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

30 тамыз – біздің Мемлекетіміздің тарихындағы ең мәртебелі де маңызды әрі  орны ерекше күн. Өйткені осыдан тура 22 жыл бұрын, 1995 жылдың 30 тамызында қазақстандық әр азаматқа өзінің құқықтарын толықтай пайдалана отырып, білім алуға, еңбек етуге, саналы ұрпақ тәрбиелеуге және болашаққа нық сеніммен батыл қадам басып, айқын мақсаттар қоюға негіз болған еліміздің ең басты Заңы – Қазақстан Республикасының Конситуциясы  қабылданды.

 

Біздің Конституциямыз, еліміздегі бірлік пен келісімнің мызғымас іргетасына айналып, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен мүдделерінің тең жағдайда сақталуына кепіл бола білді. Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуы мен ел азаматтарының әл-ауқатының алға жылжыған жылдармен бірге артуын осыдан 22 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымызбен байланыстыруға болады. Ел Конституциясын қабылдар кезде азаматтардың оны жаппай қолдауы мемлекетімізде бейбітшілік пен бірліктің, татулық пен өзара түсіністіктің одан ары нығая түсетіндігіне, еліміздің қарыштап дамуына деген сеніміне негізделген болатын.

 

Қадірменді жетісулықтар!

 

Мемлекет басшысы біздердің алдымызға аса маңызды міндеттер жүктеді. Ел, қоғам дамуындағы әрбір жаңару еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң ықпалын тигізе отырып, қоғамдық сананың жаңғыруымен қоса жүретін «Бірлігі мен жауапкершілігі мығым біртұтас ұлт» құруды мақсат тұтады. Сондықтан да, еліміздің әр тұрғынының өз күш-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыруы өте маңызды. Конституция қағидаттарын бұлжытпай орындауымыз алға қойған мақсаттарымызға жеткізеріне сенімдімін.

 

Осынау мемлекет мәртебесін айшықтайтын айтулы күні баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке тілей отырып, ел игілігі үшін бастаған ісіңіздің жемісті болатындығына сенімімді білдіремін!