"Көкбастауда" бәйге өтті

 "Көкбастауда" бәйге өтті

Бүгін облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы облысы Жамбыл ауданы "Көкбастау" атшабарында Конституция күніне және Халықаралық мамандандырылған "Астана ЭКСПО - 2017" көрмесіне орай ҚР Президентінің жүлдесі үшін ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті. 199 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан осынау шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі идеяны жүзеге асырудың бірден-бір жарқын көрінісі болды.

 

 

 

Жарысқа еліміздің түкпір-түпкірінен және көрші мемлекеттерден жалпы саны 200-ден астам сүйгүлік қатыстырылды. Көрермендерді қиқулатып, қошеметіне бөлеген тартысқа толы бәйгеде жеке дара топ жарып шығар жүйрікті соңғы айналымға дейін білу мүмкін болмады.

 

 

 

Нәтижесінде, тай жарысында:

 

 

 

1 орынға Жамбыл ауданының атынан топқа түскен "Көңілашар" жүйрігі келді. Жеңімпазға 200 000 тг қаржылай сыйлық табысталды. 2 орынды Қарасай ауданының намысын қорғаған "Айшық" атты жүйрігі иеленді. Оған 150 000 тг табысталды. 3 болып келген Жамбыл облысының "Арабелла" атты жүйрігі иесіне 100 000 теңгенің сыйақысын алуына мүмкіндік туғызды.  

 

 

 

Топ бәйгеде:

 

 

 

1 орынды Қырғызстан Республикасынан жеткізіліп, топқа қосылған "Байторы" атты сәйгүлік иеленді. Жеңімпазға Нива автокөлігінің кілті табысталды. 2 орынды иеленген Қарасай ауданының "Қозыкүрең" атты жүйрігінің иесі Лада Гранта автокөлігінің кілтіне ие болды. 3-ші болып Қырғызстанның "Қарақұсы" келіп, 150 000 теңгені жеңіп алды.

 

 

 

11 шақырымдық құнан бәйгеде:

 

 

 

1 орын - "Витязь", Жамбыл облысы, Лада Гранта көлігі;

 

 

 

2 орын - "Айару", Алматы қаласы, 150 000 тг;

 

 

 

3 орын - "Томирис", Жамбыл ауданы, 120 000 тг.

 

 

 

9 шақырымдық жорға жарысында:

 

 

 

1 орын - "Элегант", Шығыс Қазақстан облысы, Лада Гранта автокөлігі;

 

 

 

2 орын - "Жойқын", Жамбыл ауданы, 150 000 тг;

 

 

 

3 орын - "Патрол", Райымбек ауданы, 120 000 тг.

 

 

 

Ал жарыстың төресі саналатын Аламан бәйгеде 1 орын Қарасай ауданының "Ақтабан" атты жүйрігіне бұйырды. Жеңімпазға УАЗ Патриот автокөлігінің кілті табысталды. 2 орынға Оңтүстік Қазақстан облысының "Керідауыл" сәйгүлігі жайғасты. Иесіне Нива автокөлігінің кілті сыйға берілді. Сондай-ақ үшінші орынға Лада Гранта, төртінші және бесінші орындарға қаржылай сыйлықтар табысталды.