
Алматы облысы мен Талдықорған қаласының тұрғындары!
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2015-2030 жылдарға арналған ҚР газдандырудың бас жоспарына (04.11.2014ж. ҚР Үкіметінің №1171 қаулысы) сәйкес, Талдықорған қаласын газбен қамтамасыз ету жұмыстарын бастады.
Бүгінгі күні қаланың газ тарату жүйесінің 1-ші кезеңі аяқталып келеді. Бұл жұмыстарды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалы да жүргізіп жатыр. Филиалдың тұтынушыларды газбен қамту мен газға жаңадан қосу үшін техникалық және ресурстық жағынан толық мүмкіндігі бар. Зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасылар үшін газдандыру шығындарын 3-6 ай ішінде бөліп төлеу қарастырылған. Тапсырыс алған соң, арнайы мамандар газдандырылатын мекенжайға барып, толық мағлұмат береді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалына хабарласып, барлық мәлімет пен ақыл-кеңес алуға болады.
Толық ақпаратты мына мекенжайдан біле аласыз: Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 39/41, 3-қабат, 301-бөлме. Телефондарымыз: 8 (7282) 60-10-46, 8 (705) 24-888-75.