Батыржан Байжұманов Панфилов ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жұмыстарының барысымен танысты

Батыржан Байжұманов Панфилов ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жұмыстарының барысымен танысты

Панфилов ауданында коронавируспен ауырғандар санының көбеюіне байланысты облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұманов жұмыс сапарымен Жаркент қаласына барды.

Облыс әкімінің орынбасары аудан басшылығымен, ауылдық округ әкімдерімен аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел штаб отырысын өткізіп, округ әкімдерінің қабылдап жатқан шаралар туралы есебін тыңдады.

Аудандағы инфекцияның өсуіне байланысты ведомствоаралық комиссия төрағасы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында шектеу шараларын күшейтуді тапсырды.

Жиналыстан кейін облыс әкімінің орынбасары аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысып, КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған дәрілік заттардың қорын және жақында аурухана жанынан ашылған оттегі стансасының жұмысын тексерді.

Панфилов ауданында 2020 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша КВИ-дің 363 жағдайы тіркелген. Биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бері 183 тіркелді, бұл жалпы сырқаттанушылықтың 53,2% құрайды.

Соңғы аптада барлығы 74 жағдай тіркелді, cоның 17-cі (23%) -14 жасқа дейінгі балалар.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.