Қапшағай қаласында 1600-ден астам отбасыға жәрдем берілді

Қапшағай қаласында 1600-ден астам отбасыға жәрдем берілді

Бүгінгі күні Қапшағай қаласында 1655 көп балалы және аз қамтылған отбасыға 11 млн. теңгеге қайырымдылық көмек жасалды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, аймақтағы меценаттар мен кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жақсы сезінеді. Мәселен, демеушілердің қаржысына 700 көп балалы және аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 5 млн. 325 мың теңгеге азық-түлік берілген. Тағы 55 отбасыға 1 млн. 540 мың теңгеге көмір алып берілді. Сол сияқты мүмкіндігі шектеулі 700 баланы 2 млн. 100 мың теңге болатын жаңа жылға арналған сыйлықтармен қуантты. Бұдан бөлек «Мейірімді адамдар» қайырымдылық шарасы шеңберінде 200 отбасыға 2 млн. теңгеге азық-түлік пакеттері таратылды.  

Жалпы Қапшағай қаласы мен өңірінде бүгінгі күнге 1655 отбасына жалпы сомасы 10 млн. 965 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.