Көксу ауданында 2 млн. теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді

Көксу ауданында 2 млн. теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді

Көксу ауданында 72 отбасына 2 млн. теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу аудандық әкімдігінің мәліметінше, Мұқаншы және  Балпық ауылдық округтеріндегі көп балалы және аз қамтылған отбасыларға түрлі көмек көрсетілді. Бұл ретте өңір меценаттарының көрсеткен қолдауы зор. 

Мәселен, ауданның көп балалы отбасыларының бірі жуырда қоныстой қуанышына жетті. Меценаттар өз қаражаттарынан 1 млн. теңгеге отбасына үй сатып әперді.

Демеушілердің қаржысына 41 аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 500 мың теңгеге азық-түлік берілді. 40 отбасыға 550 мың теңгеге отын түсіріліп берілді. Сол сияқты 10 көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары жаңа жылдық сыйлыққа ие болды.

Сөйтіп, Көксу ауданы Мұқаншы мен Балпық ауылдық округтерінде тұратын 72 отбасына қазіргі кезде бірлесе көмектесудің арқасында жалпы сомасы 2 млн. 075 мың теңгеге жәрдем жасалды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.