
Биылғы жылдың 1 маусымында Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаев өңірлерде бейнеконференция байланысы арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізеді. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндап, сұрақтарға жауап береді.
Есептік кездесу 1 маусымда сағат 14.30-да мына мекенжайда өтеді: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4, «ҚазМедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.
Бейнеконференция байланысы Алматы облысында Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, облыстық әкімдік ғимаратында өтеді.
Сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызға болады: 8 (7172) 786862, 786884 немесе электрондық мекенжай: a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz
Сонымен қатар проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтындағы «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz