
Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнайы және күштік құрылымдарының қызметкерлері арасында мини-футболдан республикалық VI жазғы спартакиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Спорттық жарыстың басталуымен қатысушыларды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, сәттілік тіледі.
Спартакиада 26 мамырға дейін созылып, қорытындысы да сол күні шығарылады.