Соңғы аптада КВИ-дің 25 жаңа жағдайы тіркелді

Соңғы аптада КВИ-дің 25 жаңа жағдайы тіркелді

4 желтоқсандағы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 5825 жағдайы тіркелген, соның 2039-ының белгілері бар.  

Соңғы аптада КВИ-дің 25 жаңа жағдайы тіркеліп, өсім 0,4% құрады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметі бойынша, белгілері бар 13 жағдайдың ішінде Ескелді, Іле, Панфилов және Талғар аудандарында - 1-ден,Талдықорған қаласында, Қарасай және Көксу аудандарында - 2-ден, Ұйғыр ауданында 3 жағдай орын алды.

Белгілілері байқалмаған 12 жағдайдың ішінде Талдықорғанда – 1, Қарасай, Талғар аудандарында - 2-ден, Панфилов ауданында – 3, Көксу ауданында – 4.  

Бұл ретте биылғы жылдың 1 тамызында бірегейленбеген пневмонияның 1202 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте өз бетінше медициналық көмекке жүгінгендер арасында 6 жағдай тіркелді: Кербұлақ ауданында – 1, Қарасай ауданында – 2 және Талдықорған қаласында – 3.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.