Алакөл аудандық ауруханасында оттегі стансасы іске қосылды

Алакөл аудандық ауруханасында оттегі стансасы іске қосылды

Алакөл ауданында қауіпті індеттің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, аудандық ауруханада оттегі стансасы іске қосылды.

Стансаның барлығы 94 нүктеге оттегін тәулік бойы қамтамасыз етіп, сағатына 6 баллонды өздігімен толтыруға қауқары жетеді.

ATASAM/ OXL-600 маркалы бұл станса Түркия елінде жасалынған.

Аппарат келесідей компоненттерден тұрады: Компрессор - кептіргіш - алдын ала сүзгі - ауа цистернасы - медициналық оттегі өндіретін генератор - медициналық оттегі цистернасы - соңғы сүзгі - қысым бақылаушысы.
Оттегі стансасы толықтай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Unitronic маркалы мониторының жұмыс кернеуі 24 DC, екі нөлдік байланыс нүктесі, 4,3 PLC сандық дисплейі бар және түрік-ағылшын-орыс-араб-парсы қаріптері енгізілген.

Орнатылған күннен бастап 8 кірісі мен 4 шығысы бар оттегі өндірісінің жүйелері жалпы тоқтау уақытын, жалпы жұмыс уақытын, өндірілген оттегінің жалпы мөлшерін, күні мен уақытын бақылап отырады.
Сондай-ақ монитордың тағы бір ерекшелігі — оттегінің тазалығы төмендеген жағдайда экранға бес тілде ескертпелер шығады.

Оттегінің өндіріс қуаттылығы - сағатына 36 текше метр

Бұл оттегі стансасы науқастарға ем жасауда дәрігерлерге үлкен көмек болары анық.