Алматы облысының өз «Артегі» болады

Алматы облысының өз «Артегі» болады

Алматы облысы Алакөл ауданында бұрынғы «Жалын» лагері қайта қалпына келтіріледі. Көл жағасында орналасқан демалыс орны заманауи үлгіде жаңа келбетке ие болып, даңқты «Артектен» кем болмайтын тәрізді. Осы істі қолға алуға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылмақ, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан, қала әкімдерінің 2021 жылға арналған жоспарлары мен шешімін күткен мәселелері жайлы баяндамаларын тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданының «Жалын» лагері туралы бастамасын қызу қуаттайтынын айтты. Аудан әкімі Ә. Жақанбаевтың сөзіне сүйенсек, 2021 жылы Ақши ауылындағы бұл балалар демалыс орнын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу 1,6 млрд. теңгені қажет етеді.

- «Жалынды» қалпына келтіруді кешіктірмеуіміз керек, оған міндетті түрде қаржы бөлінеді. Бұл демалыс орны біздің өз «Артегіміздей» болуы тиіс. Біз балаларға қажетті барлық мүмкіндіктерді жасаймыз, - деді А.Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.