Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру түсіндірілуде

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру түсіндірілуде

Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кезең-кезеңімен оқыту шараларымен медициналық мекемелер басшыларының 68 %-і қамтылды және бұл жұмыс әрі қарай жалғастырылатын болады. Бұл туралы бүгін Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының орындалу барысы туралы актив жиынында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.

 

Ж. Омардың айтынша, міндетті әлеуметтік сақтандыру шараларымен халықты құлақтандырудың ағымдағы жайын бағамдау мақсатында ай сайын Штаб отырысы өтеді. Және түсіндіру жұмыстары аудан-қалаларда жоспарға сай жүзеге асырылуда.

 

Бұл орайда облыс әкімі А. Баталов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шаралары жайындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын БАҚ, әлеуметтік желі, интернет кеңістік арқылы, брифингілер өткізу, халықпен кездесу негізінде кеңінен жүргізу қажеттігін қатаң тапсырды.