Тіл басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Тіл басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі - баспасөз хатшысы лауазымын атқарған Айдар Башбаев аталмыш басқармаға жетекшілік етпек. Жаңа басшыны ұжымына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар таныстырды. Ж. Омар өз сөзінде облыс әкімінің еліміздегі тіл саясатын салиқалы әрі сауатты жүзеге асыру жөніндегі алдыға қойған міндетін А. Башбаевтың жауапкершілікпен атқаратынына сенім білдірді. 

 

Тағайындау

 

Алматы облысы әкімінің өкімімен Башбаев Айдар Карбозұлы Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды.

 

 Айдар Карбозұлы БАШБАЕВ

1972 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы тарихшы, экономика және бизнес бакалавры.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Ырғыз ауылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Алматы облысының ақпарат саласында жұмыс істеп келеді. Әр жылдары Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы болып қызмет атқарған.

 

2008 жылдың қараша айынан бері Алматы облысы әкімі Баспасөз қызметінің жетекшісі – облыс әкімінің баспасөз хатшысы.