Өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды

 Өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Татарстан Республикасының Менделеев муниципалды ауданының делегациясымен кездесті. Кездесуде мәдениет, ауыл шаруашылығы, сауда және өнеркәсіп салаларындағы байланыс туралы кеңінен сөз болды.

 

Шара барысында Менделеев муниципалды ауданының басшысы Валерий Чершинцев аудан тарихы мен Менделеев қаласының өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері, маңызды әлеуметтік және өнеркәсіп нысандары туралы баяндады. В. Чершинцев Панфилов ауданында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларды – «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен Құрғақ порттың зор мүмкіндіктерін көздерімен көргенін айтты.

 

Өз кезегінде облыс әкімі А. Баталов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, өзара тәжірибе алмасу әрқашан тиімді нәтиже беретінін де атап өтті.

 

Осы кездесуге дейін делегация Талдықорған қаласының көрнекті орындарын аралап, қалалық көп салалы ауруханада, Достық үйінде болды, ал бір күн бұрын Панфилов ауданына барып, Панфилов ауданы мен Менделеев муниципалды ауданының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.