Іскерлік кездесу

 Іскерлік кездесу

Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімі Амандық Баталов ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас консулдығының сауда жөніндегі консулы Лю Хун Юэмен, «Beijing Longhua Yang Guang Investment Co.Ltd» компаниясының, «Лунюань Жетісу» және КүнҚуат» ЖШС-ның өкілдерімен кездесті.

 

Кездесуде өңірдің өнеркәсіп саласына инвестиция тарту мәселесі сөз болды.

 

Облыс әкімі А. Баталов инвестиция тарту Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің бірі екенін атап өтті:

 

- Біздің басты мақсатымыз – жаңа жұмыс орындарын ашуға, салықтық базаны ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа кәсіпорындар ашу. Бұл өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкін серпін береді деп ойлаймын, - деді.

 

Сонымен қатар бүгін облыс әкімі А. Баталов ҚХР ШҰАА Боротола-Моңғол автономиялы облысының губернаторы Бадымала бастаған облыс делегациясымен де жүздесті. Кездесу барысында Достық – Алашанькоу халықаралық темір жол шекара өткелі маңын дамыту, еларалық сауданы жандандыру, туристік нысандар мен оларға қажетті инфрақұрылымды дамыту туралы кеңінен сөз болды.