
Алматы облысында дәнді дақылдар жинау науқаны аяқталды. Барлығы 469,8 мың га жиналып, науқан толығымен аяқталды. Әр гектарына орта есеппен 30,0 центнерден жиналып, 1411,1 мың тонна тартылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, дәндік жүгері 86,4 мың га жерден 581,3 мың тонна жиналды, орташа шығымдылық әр гектарына 67,3 центнерден айналды; күріш 10,6 мың га жерге себіліп, 36,3 мың тонна өнім жиналды, орташа өнімділігі - 34,2 ц/га. Майлы дақылдар 154,6 мың га жерден жиналды, 288,3 мың тонна майлы дақыл алынып, әр гектарына 18,6 центрден өнім берді. Картоп пен бау-бақша өнімдері 77,1 мың га жерден жиналып, 1 901,477 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділік - 246,6 ц/га.
Дәнді дақылдарды қабылдауға 265 астық қамбасы дайындалды, олардың сыйымдылығы 771 мың тонна, соның ішінде 2-еуі - 25,6 мың тонналық лицензияланған нан қабылдау кәсіпорны.
2021 жылға арналып 235,4 мың тонна астық қапталды: соның ішінде дәнді дақылдар – 79,0 мың тонна немесе 99,7%, майлы дақылдар – 14,5 мың тонна немесе 100,0%, жемшөптік дақылдар – 1,0 мың тонна немесе 100 %, картоп – 140,9 мың тонна немесе 100,0%.
Жемшөптік дақылдардан 2 842,1 мың тонна шөп дайындалды (жоспардың 100,9%), 539,8 мың тонн пішендеме (100,8%), 673,0 мың тонна сабан (100,3%), 673,3 мың тонна жемшөп дәні (100,0%) және 697,6 мың тонна сүрленген шөп (100,0%) жиналды.
2021 жылға арналып 199,4 мың га сүдігер жер айдалды, 106,0 мың га күздік дақылдар себілді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.