Өткен жылдағы жұмысын қорытындылады

 Өткен жылдағы жұмысын қорытындылады

Алматы облысы Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті 2016 жылдың қорытындысы бойынша алқа мәжілісін өткізді. Департамент басшысы Е. Сыдыманов төрағалық еткен мәжілісте халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және техникалық реттеу салаларында атқарған қызметтері туралы мәселе талқыланды. Сонымен қатар Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру шаралары айқындалды.