Хабарландыру!

Хабарландыру!

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Аграрлық – несие корпорациясы» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен «Жетісу» телеарнасында 9 наурыз күні сағат 20.35-те тікелей эфир өтеді. Эфир барысында 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын қалаларда және ауылды жерлерде несиелендіру және шағын несиелендіру ережелері, көктемгі егіс науқанына берілетін несиелендіру тетіктері түсіндіріледі. Осы тақырыптағы сұрақтарыңызды 8 7282 40-17-53 телефоны арқылы қоюларыңызға болады.