Көрменің құрылыс нысандарын аралады

Көрменің құрылыс нысандарын аралады

ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушылар жиналысының екінші күнінде делегаттар көрменің құрылыс нысандарын аралады.

 

Қазіргі таңда халықаралық павильондардың құрылыс жұмыстары 100 пайыз аяқталып, оған 100-ден аса  мемлекеттің делегаттары өз павильондарын көруге барды. Олар халықаралық көрмені ұйымдастыру жұмыстарына жоғары бағасын берді.

 

Халықаралық павильондардың 20-сын  қатысушы мемлекеттер қабылдап алып, құрылыс-монтаждық жұмыстарына кірісіп те кетті.

 

ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларына павильондарды тапсыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысы аясында, сондай-ақ тағы 14 мемлекетпен павильондарды тапсыру актілеріне қол қойылды. Олардың арасында Сербия, Ұлыбритания, Өзбекстан, Ангола мемлекеттері бар.

 

Сонымен қатар, делегаттар «бір терезе» принципімен жұмыс жасайтын Бірыңғай қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталық 12 қызмет түрін: визалық көмек, салықтық, банктік, сақтандыру және өзге де қызметтер көрсетеді. Бұнда өзге мемлекеттердің өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.  

 

Халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысында делегаттарға Аккредитация орталығы көрсетілді. Бұл орталық көрме кешені аумағына кіруге рұқсат алу уақытын қысқартады. Көрме Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді.