Биылғы жылы Алматы облысында балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 92 % құрайды деп жоспарланған. Бұл межеге жету үшін 63 балабақша, соның ішінде 60 жекеменшік балабақша ашылады. Бұл жайында облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдында берген есебінде баяндады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Есепті жиында биылғы жылы облыста 44 мектептің құрылысы жүргізілетіндігі, оның 1-еуі Райымбек ауданы Сарыжаз ауылындағы апатты мектептің орнына, 34-і үш ауысымды мектептің орнына салынатыны айтылды.
Сөйтіп 2018 жылы Алматы облысында қазіргі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі деп күтілуде.