
Өткен жылы Алматы облысында 300 шақырымнан астам облыстық маңыздағы және 258 шақырым ауылішілік жолдар мен көшелер жөнделіп, 390 елді мекен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов облыс орталығында өткен есепті жиында баяндады.
2016 жылы жол жөндеуге 28 млрд. теңге бөлінді, оның 12,8 млрд. теңгесі – облыстық, ауыл ішілік жолдарға 15,3 млрд. теңге қарастырылған. Ал биылғы жылы бұл мақсатқа 18,9 млрд. теңге, оның 10,6 млрд. теңгесі облыстық, 8,3 млрд. теңгесі ауыл ішілік жолдарға бөлінді.
Сондай-ақ биылғы жылы «Талдықорған-Өскемен» және «Үшарал - Достық» автожолының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары басталады.