
Өткен жылы жылы Алматы облысында 1 млн. 253 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жеке тұрғын үй құрылысы мен мүлікті заңдастыруды қосқанда өсім 10,3% құрады. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есепті жиында айтты.
А. Баталовтың айтуынша, кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарына өңірде 442 пәтер берілсе, биылғы жылы жалпы саны 1256 пәтерлік 98 тұрғын үй пайдалануға ұсынылады.
Сонымен қатар биылғы жылы жеке тұрғын үй салуға 443 шақырымында желі жүргізілген 5195 учаске дайындалады деп жоспарлануда.
- Жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысының көлемі артады. Бұл мақсатқа бұған дейін жыл сайын 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бағытталса, қазіргі кезде 17 млрд. теңгеге дейін игеруге мүмкіндік бар, - деп атап өтті А. Баталов.