
Алматы облысында жеміс бағының аумағы 20,7 мың гектарға жетті, оның 2 мың гектары – апорт. Бұл туралы тұрғындар алдындағы есепті жинында облыс әкімі А. Баталов мәлім етті.
Негізінен жаңа технологиямен жабдықталған екінші жылдан-ақ өнім бере бастайтын интенсивті бақтарды өсіруге басымдық беріліп отыр.
Бұл салаға бірқатар ірі инвесторлар тартылды. Олар - Панфилов ауданында 1110 гектарға «Жаркент Фрукт» ЖШС, Еңбекшіқазақ ауданында 250 га «AlmaGreenFields» ЖШС мен 78 га жерге «Apple World» ЖШС бақ салды.