78 мыңнан астам га жерге жүгері егіледі

78 мыңнан астам га жерге жүгері егіледі

Алматы облысында биылғы жылы 78 мыңнан астам га жерге жүгері егіліп, 507 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Жалпы жүгері алқабы облыста соңғы үш жылда 9 мың гектарға ұлғайтылған. Бұл туралы өзінің есепті жиынында облыс әкімі А. Баталов айтты.

 

Баяндамадағы мәліметтерге сүйенсек, облыстағы екінші крахмал-сірне зауыты Қарасай ауданында орналасқан «АзияАгроФуд» АҚ-ға жаңғыртылу жұмыстары жүргізіледі.  Бұл өз кезегінде жүгері өңдеу деңгейін 45-тен 60 % -ке жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосымша тағы 2 қырман салынады деп көзделуде.