
Бүгінгі күні Алматы облысында 118 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олардан бюджетке түскен үлес 2014 жылы 21 %-тен 2016 жылы 38 %-ке дейін жетті. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов өзінің есепті кездесуінде айтты.
Баяндамада облыс басшысы кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 15,4 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілгенін, оның 9,6 млрд. теңгесі микрокредиттер екенін атап өтті.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылған шаралардың есебінен Алматы облысында қосымша 25,5 мың жұмыс орны ашылған.