Құрылысы жүріп жатқан 23-і мектептің 17-сі үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында салынуда

Құрылысы жүріп жатқан 23-і мектептің 17-сі үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында салынуда

Алматы облысында биылғы жылы 32 білім мекемесінің құрылысы жүруде, соның 23-і мектеп, оның 17-сі үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында салынуда. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісу өңірінде балаларды мектепке тасымалдайтын көліктерді жаңартуға бір млрд. теңге бөлініп, жаңа әрі жайлы 70 автобус сатып алынған.

Спикер сондай-ақ Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері үшін 280 және Қаратал ауданында колледжге арналған 50 орындық жаңа жатақханалар салынғанын, жыл соңына дейін Талдықорғанда тағы 480 орынға лайықталған екі жатақхана пайдалануға берілетінін атап өтті.

Сол сияқты білім беру саласында оқушылар мен колледж студенттерін қашықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.